Күн тәртібінде
Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты C-4 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялады.
Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2022 жылғы 26 сәуірде жарияланды.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2022 жылғы 27 сәуір мен 6 мамыр аралығында қабылданды.
Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы лауазымына орналасуға 5 өтініш түсті, 5 қатысушы әңгімелесуге жіберілді.
Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында әңгімелесу 2022 жылғы 13 мамырда сағат 1500-де өткізілді.
Көрсетілген 5 кандидаттың 2-уі әңгімелесуге келмеді.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.
- Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы лауазымына Данабек Муратович Тлегеновтің кандидатурасы ұсынылады.