2022 жылы 18 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Б» коорпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қортынды отырысының № 1 хаттамасы

  1. Кандидаттардың ұсынған құжаттарының, өткізілген әңгімелесу нәтижесі негізінде бағалау мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тікелей орналастыру үшін кандидаттарды іріктеу.

Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-5 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялады.

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2022 жылғы 18 ақпанда жарияланды.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2022 жылғы 21 ақпан мен                          1 наурыз аралығында қабылданды.

Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы                          мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға 14 өтініш түсті.

11 қатысушы әңгімелесуге жіберілді.

Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында  әңгімелесу 2022 жылғы 4 наурызда сағат 10.00-де өткізілді.

Көрсетілген 11 кандидаттың 8-і әңгімелесуге келмеді.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.

 

  1. Конкурстық комиссия кандидаттар ұсынған құжаттардың, өткiзiлген әңгiмелесудiң, конкурстық сұрақтарға берілген жауаптарға қойылған бағалау нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарды:

- Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы                          мемлекеттік әкімшілік лауазымына Жанна Шапайқызы Әділдің кандидатурасы ұсынылады.

Дата публикации
04 марта 2022