«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 және
«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында ведомство басшысының бұйрығымен комиссия құрылады.
Комиссия құрамына:
1) ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);
2) ведомстволық бағынысты ұйым басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;
3) ведомствоның және ведомстволық ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшылары немесе қызметкерлері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:
«58-1. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен сақтаудағы материалдық құндылықтар шығарылған кезде көлемі номенклатура бойынша көзделген деңгейдің елу пайызынан төмен болмауға тиіс.
Бұл тәртіп төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға арналған материалдық құндылықтарға қолданылмайды.»;
2) «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларының 3-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов