Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысының 26-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес күріш, қарақұмық жармаларын және қант сақтау жөніндегі сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды.
26-тармақта көзделген құжаттар Комитетке қағаз түрінде немесе сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеуді жүргізу туралы хабарландыруда көрсетілген Комитеттің электрондық мекенжайына жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 16-30 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны: 235-603 (ішкі 054, 053 )
Электрондық адрес: Kgmr.mchs@bk.ru