2021 жылы 13 қазанда жарияланған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қортынды отырысының № 43 хаттамасы

Күн тәртібінде

 

  1. Кандидаттардың ұсынған құжаттарының, өткізілген әңгімелесу нәтижесі негізінде бағалау мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тікелей орналастыру үшін кандидаттарды іріктеу.

Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялады:

-  Заң басқармасының басшысы  (1 бірлік), санаты - C-3;

- Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4;

- Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4.

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2021 жылғы 13 қазанда жарияланды.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2021 жылғы 14-22 қазан аралығында қабылданды.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға:

- Заң басқармасының басшысы  лауазымына - 3 өтініш;

- Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы лауазымына - 5 өтініш;

 - Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы лауазымына - 3 өтініш қаралды.

Әңгімелесуге жіберілді:

- Заң басқармасының басшысы  лауазымына – 2 қатысушы;

- Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы лауазымына – 3 қатысушы;

 - Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы лауазымына – 2 қатысушы.

Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында  әңгімелесу 2021 жылғы 28 қазанда сағат 1100-де өткізілді

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.

 

  1. Конкурстық комиссия кандидат ұсынған құжаттардың, өткiзiлген әңгiмелесудiң, конкурстық сұрақтарға берілген жауаптарға қойылған бағалау нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарды:

- Заң басқармасының басшысы  лауазымына Нұрбақыт Әділбекұлы Әділбековтің кандидатурасы;

- Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы лауазымына Алишер Алипович Алиповтың кандидатурасы ұсынылады.

 

Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің жоқтығына байланысты,   Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға қайтадан конкурстық үдерістер жүргізілсін.

 

№ 43 шешім
Дата публикации
29 октября 2021