Күн тәртібінде
Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялады:
- Заң басқармасының басшысы (1 бірлік), санаты - C-3
- Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4;
- Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4.
Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2021 жылғы 1 қазанда жарияланды.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2021 жылғы 4-6 қазан аралығында қабылданды.
Жарияланған бос лауазымдарға өтініштер түскен жоқ.
Конкурстық комиссия мынадай ШЕШІМ шығарды:
Ішкі конкурсқа үміткерлердің өтініш бермеуіне байланысты аталған бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялансын.