2021 жылы 10 қыркүйекте жарияланған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша комиссияның қортынды отырысының № 40 Х А Т Т А М А С Ы

  1. Кандидаттардың ұсынған құжаттарының, өткізілген әңгімелесу нәтижесі негізінде бағалау мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тікелей орналастыру үшін кандидаттарды іріктеу.

Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялады:

- Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4 (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 31 тамызға дейін);

- Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4.

Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2021 жылғы 10 қыркүйекте жарияланды.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2021 жылғы 13-21 қыркүйек аралығында қабылданды.

Жарияланған Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 31 тамызға дейін) 5 қатысушыдан 5 өтініш түсті.

Жарияланған Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына 2 қатысушыдан 2 өтініш түсті.

Барлық кандидаттар әңгімелесуге жіберілді.

Әңгімелесуге жіберілгендерің ішінен осы 2 жарияланған лауазымға құжат тапсырған 2 кандидат конкурсқа одан әрі қатысудан бас тартты.

Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында  әңгімелесу 2021 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 1100-де өткізілді.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.

 

  1. Конкурстық комиссия кандидат ұсынған құжаттардың, өткiзiлген әңгiмелесудiң, конкурстық сұрақтарға берілген жауаптарға қойылған бағалау нәтижелерін қарап, мынадай шешім шығарды:

         1) Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының                               бас сарапшысы бос лауазымына (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне                   2023 жылғы 31 тамызға дейін), санаты - C-4:

Ернур Аскарович Кыдыралиев;

2) Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына, санаты - C-4:

Жәнібек Жанболатұлы Каденов ұсынылады.

№ 40 хаттама
Дата публикации
23 сентября 2021