2021 жылы 31 тамызда жарияланған
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия қорытынды отырысының
Нұр-Сұлтан қаласы 2021 жылғы 7 қыркүйек
№ 38 Х А Т Т А М А С Ы
Күн тәртібінде
Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялады:
- Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4 (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 31 тамызға дейін);
- Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-4.
Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай порталында 2021 жылғы 31 тамызда жарияланды.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2021 жылғы 1-3 қыркүйек аралығында қабылданды.
Жарияланған Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына өтініш түскен жоқ.
Жарияланған Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына өтініш түскен жоқ.
Конкурстық комиссия мынадай шешім шығарды:
Ішкі конкурсқа үміткерлердің өтініш бермеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 31 тамызға дейін), Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының бас сарапшысы бос лауазымдарына жалпы конкурс жариялансын.