ТМД елдерінің мемлекеттік резерв басшылары Консультативтік кеңесінің XVII отырысы туралы
2021 жылғы 26 тамызда Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Н.А. Ахмадзоданың төрағалығымен бейнеконференция форматында ТМД – ға қатысушы мемлекеттерде Мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын органдар басшылары Консультативтік кеңесінің XVII отырысы өтті.
Консультативтік кеңес отырысының қатысушыларына ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары – Атқарушы хатшысы И. Т. Нематов және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік резервтерді басқару комитетінің төрағасы М. М. Курбанов құттықтау сөз сөйледі.
Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Н. А. Ахмадзода Консультативтік кеңес жұмысының қорытындылары туралы айтып, 2020-2021 жылдары Консультативтік кеңес мүшелерінің ұлттық заңнамада көзделген тәртіппен ТМД аумағында ізгілік көмек көрсетуге қатысуын атап өтті.
Консультативтік кеңес хатшылығының басшысы, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің халықаралық қатынастар және логистика басқармасының бастығы А.М. Джамолзода Консультативтік кеңестің 2017-2021 жылдардағы қызметі туралы есеп берді.
Ол мемлекеттік резерв органдарының өкілдері тұрақты негізде тақырыптық кеңестер мен консультациялар өткізгенін, мемлекеттік резервтердің тауарлық-материалдық құндылықтарының сақталуы мен сапасын бақылау, мұнай өнімдерін, азық – түлік тауарлары мен нан өнімдерін ұзақ уақыт сақтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасқанын, Консультативтік Кеңеске қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік резервтер объектілерімен танысқанын, сондай-ақ екіжақты негізде тұрақты жұмыс кездесулерін өткізгенін атап өтті.
Отырысқа қатысушылардың назарына 2020-2021 жылдардағы Базалық ұйымның қызметі туралы базалық ұйымның басшысы, Мемлекеттік резервтер жөніндегі федералдық агенттіктің сақтау проблемалары ғылыми-зерттеу институты Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме директорының міндетін атқарушы С.А. Сучковтың баяндамасы ұсынылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығы туралы ТМД Атқарушы комитетінің Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры М. Е. Мыскин өз баяндамасында айтып берді.
ТМД елдерінің мемлекеттік резерв жүйелерінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Отырысқа қатысушылар Мемлекеттік резервтер жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Д.Ю. Гогиннің COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясымен күрестегі мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің рөлі мен орны туралы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы С. Қ. Сабырбаеваның одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарды қайта өңдеу тәртібі туралы баяндамалары талқыланды.
ТМД елдерінің мемлекеттік резервтерінің басшылары сovid-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясымен күрес бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға және оның теріс салдарын азайту бойынша шаралар қабылдау бойынша өзара хабардар ету туралы шешім қабылдады.