Күн тәртібінде
Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Комитет келесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялады:
- Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-5;
- Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының сарапшысы (1 бірлік), санаты - C-5.
Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталында және Министрліктің интернет-ресурстарында 2021 жылғы 3 тамызда жарияланды.
Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттар 2021 жылғы 4-12 тамыз аралығында қабылданды. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға:
- Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы лауазымына 15 қатысушыдан 15 өтініш;
- Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының сарапшысы лауазымына 4 қатысушыдан 4 өтініш келіп түсті.
Әңгімелесуге жіберілді:
- Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы лауазымына 14 қатысушы;
- Мемлекеттіік резервті есепке алу және бақылау басқармасының сарапшысы лауазымына 2 қатысушы.
Әңгімелесуге жіберілген 9 кандидат конкурсқа одан әрі қатысудан бас тартты.
Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында әңгімелесу 2021 жылғы 18-19 тамыз күндері сағат 1600-де өткізілді (онлайн, WEBEX және WHATSAPP қосымшалары арқылы).
- Кадр саясаты және құжат айналымы басқармасының сарапшысы лауазымына Ботагөз Құрметқызы Омарованың кандидатурасы;
- Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының сарапшысы лауазымына Майя Бақытжанқызы Омардың кандидатурасы ұсынылады.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу барысы бейнежазбаға жазылды.