Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді таңдау жөніндегі ішкі конкурсты өткізу бойынша Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының
№ 18 ХАТТАМАСЫНАН көшірме
Нұр - Сұлтан қ. 2021 жылғы 1 маусым
Қатысқандар: конкурс комиссиясының мүшелері мен хатшысы.
|
|
|
|
Күн тәртібінде: |
|
Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеу
Комитеттің Экономика және қаржы басқармасының басшысы, категориясы С-3, 1 бірлік жарияланған бос лауазымға өтініш түскен жоқ.
Конкурстық комиссия ШЕШТІ:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика және қаржы басқармасының басшысы, категориясы С-3, 1 бірлік бос лауазымына жалпы конкурс жариялансын.