ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді таңдау жөніндегі жалпы конкурсты өткізу бойынша Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 8 ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді таңдау жөніндегі жалпы конкурсты өткізу бойынша Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының

№ 8  ХАТТАМАСЫ

 

 

Нұр - Сұлтан қ.                                                         2021 жылғы 22 қаңтар

 

Қатысқандар: конкурс комиссиясының мүшелері.

 

Төрағалық етуші – Конкурстық комиссияның төрағасы Иманбаев Нұрлан Мейрамұлы – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитет төрағасының орынбасары – (бұдан әрі – Комитет);

 

 

Комиссия мүшелері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия хатшысы:

 

Бердібаев Еділ Ахметұлы – Комитеттің Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының басшысы;

 

Жапишев Ербол Қалиярұлы – Комитеттің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы;

 

Төлеген Ердәулет Нұржанұлы – Комитеттің Кадр саясаты және құжатайналым басқармасының басшысы м.а.;

 

Идрисова Анар Қабидоллақызы – Комитеттің Заң басқармасының бас сарапшысы;

 

Баекеева Айсауле Толыбайқызы – Комитеттің Кадр саясаты және құжатайналым басқармасының бас сарапшысы.

 

 

Күн тәртібінде:

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеу

Комитеттің Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының басшысы, категориясы С-3, 1 бірлік жарияланған бос лауазымға 5 өтініш түсті.

2020 жылғы 21 қаңтардағы № 7 Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешімге сәйкес әңгімелесуге 4 үміткер жіберілді.

Әңгімелесуге 3 үміткер қатысты.

Конкурстық комиссия 2021 жылғы 22 қаңтар күні әңгімелесу барысында техникалық аудио және видео жазу құралдарын пайдаланды.

 

         Бағалау нәтижесі:

 

Абдалиев Дархан Ибрахимович

3,16

Кокушев Асет Аязбаевич

4,49

Кожамжаров Абай Советжанович

3,96

 

Ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің қорытындысы бойынша комиссия бағалау парағына қойылған баллдар негізінде ШЕШТІ:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының басшысы, категориясы             С-3, 1 бірлік бос лауазымына орташа 4,49 балл жинаған Кокушев Асет Аязбаевич тағайындауға ұсынылсын.

 

Комиссия төрағасы                                        ____________ Иманбаев Н.М.

 

Комиссия мүшелері:                                        ____________ Бердібаев Е.А.

 

___________  Жапишев Е.Қ.

 

                                                          __________    Төлеген Е.Н.

                                                                                                                                                                                                     ___________   Идрисова А.Қ.

 

Комиссия хатшысы:                                       ___________  Баекеева А.Т.

№ 8 хаттама
Дата публикации
25 января 2021