Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараты
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары жоспарын басшылыққа ала отырып, Комитет төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 17 мамырдағы №59 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған Комитеттің 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырады. Көрсетілген жоспарға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) 2019 жылғы 30 шілдедегі № 176 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 82 бірлескен бұйрығына сәйкес Комитетте, «Резерв» РМК-да және оның филиалдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау бойынша Жұмыс тобының ұсынымдамасына сәйкес өзгерістер енгізілді.
Комитет тұрақты түрде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броннан шығару тәртібінде) мемлекеттік сатып алу және сату келісім-шарттары бойынша жасалған шарттар мен міндеттемелер бұзылған жағдайда, сотқа уақтылы жүгінеді. Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары ретінде тану туралы сотқа талап арыз беріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапты тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау және сот органдарына түгендеу бағыты бойынша материалдар тұрақты жолданады. Биыл сот шешімі бойынша бұрынғы жылдары жеткізілген арнайы техникалар мен көліктер мемлекеттік есепке қойылды. Комитет пен «Резерв» РМК-ның бұрынғы басшыларына қатысты сот тергеуі аяқталды.
Комитет тұрақты түрде Комитеттің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізеді.
Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарының өкілдерін қатыстыра отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша дәрiстер, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Нұр-Отан» партиясының «Бірлік» филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған алдын алу іс-шараларының бірлескен жоспарын орындау мақсатында 2020 жылғы 24 шілдеде Комитет пен «Резерв» РМК-да «Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің психологиясы» тақырыбында дәріс өтті. Онлайн-дәрісті 40-тан астам ғылыми жарияланым авторы, психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (психология) кафедрасының доценті Алмат Сәбитұлы Нұрадинов жүргізді. Дәріс барысында А.С. Нұрадинов сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің факторлары, себептері, психологиялық алғышарттары және субъектісі туралы айтып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне және оның көрініс деңгейлеріне әлеуметтік-психологиялық сипаттама берді.
2020 жылғы 26 тамызда «Қазақстан даму қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ-мен, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс. (ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі)» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Дәрісті жүргізуші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы, ISO 37001 енгізу бойынша сертификатталған маман А.М. Қабылдин ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымымен және талаптарымен, тәуекелдерді анықтау әдістерімен, сондай-ақ ISO 37001 енгізу және қолдану ережелерімен таныстырды.
Комитеттің Персоналды басқару және құжатайналым қызметі Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің салық декларациясын уақтылы тапсырылуын тұрақты қадағалайды.
Комитетте мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе қайтадан қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулермен таныстырылады және мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет немесе қайтадан қабылданған қызметкерлер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарының бар-жоғы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiне сұраныс жолданады.
Атап өтетін жайт, Комитет 2020 жылғы маусымнан бастап kgmr.gov.kz домендік атауынан Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасына (бұдан әрі – МО ИРБТ) көшті, осыған байланысты қазіргі уақытта аталған тұғырнама толықтырылу үстінде. Комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шаралар туралы ақпараттарды да МО ИРБТ-ға орналастырады. Ал «Резерв» РМК-ның өз сайты жұмыс жасайды.
2020 жылғы қаржылық жылға арналған мемлекеттiк сатып алу жылдық жоспарымен көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттiк сатып алудың орындалуына мониторинг тұрақты жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша банк кепілдемелерін тіркеу журналы жүргізіледі, оған тамақ өнімдерін сатып алу бойынша ҚБПҮ шарттар туралы мәліметтер енгізілген.
Мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару бойынша материалдарды gosreestr.kz сайтына орналастыру жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі аукционды өткізу комиссиясы отырысының хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы «Резерв» РМК мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару бойынша сатып алу-сату шарттарының орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, ай сайын Комитетке ұсынады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 30 шілдедегі №176 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 82 бірлескен бұйрығы негізінде Комитетте, «Резерв» РМК мен оның филиалдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Сыртқы талдау екі бағытты қамтыды:
1) МДМ, «Резерв» РМК және оның филиалдарының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) Комитеттің, «Резерв» РМК-ның және оның филиалдарының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сатып алу саласына қатысты құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, Комитеттің, «Резерв» РМК-ның және оның филиалдарының қызметіне қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілердегі және ішкі актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Комитетте, «Резерв» РМК-да және оның филиалдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, нормативтік құқықтық актілерде де, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қалып отырғанын, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шаралардың неғұрлым оң нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында нивелирлеу қажет екендігін көрсетті.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және азайту мақсатында Комитет енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған жоспар бойынша мониторинг Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтына орналастырылған.