Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілікке қатысты.

Іс-шара Түркістан және Орынбор көшелерінің қиылысында өтті. Қатысушылар бірлесе отырып аумақты тазалап, іргелес жатқан учаскелерді ретке келтіріп, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Мұндай бастамалар тек экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапкершілік көзқарасты қалыптастырады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті алдағы уақытта да экологиялық акцияларды қолдай отырып, азаматтарды елді мекендеріміздің тазалығы мен тәртібін сақтауға бағытталған шараларға белсенді қатысуға шақырады.