
2025 жылдың 31 шідесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жергілікті кәсіподақ ұйымдарымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты - әлеуметтік әріптестікті нығайту, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек заңнамасының бұзылуын уақтылы анықтау және алдын алу.
Кездесу «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратында өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Баулыбаев, «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары О.Канбаев және өңірдің салалық және аумақтық кәсіподақтарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесудің күн тәртібінде еңбек даулары, оның себептері, алдын алу және сотқа дейінгі реттеу жолдары, өндірістік жарақатты азайту бойынша бірлескен шараларды қабылдау тақырыбы қаралды.
Сонымен қатар, кездесуде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты мәселелерде талқыланды.
Кәсіподақ өкілдері жергілікті жерлерде жұмыскерлердің алдында тұрған проблемалық мәселелерді айтып, еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау бойынша, әсіресе өңір аумағында жұмыс істейтін жеке компаниялар мен мердігерлік ұйымдарда бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар сындарлы диалогты одан әрі нығайтудың және үнемі ақпарат алмасудың маңыздылығына қозғады. Заң бұзушылықтардың алдын алуға, еңбектегі жұмыскерлердің құқықтық білім беруге және қоғамдық бақылау тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған тұрақты бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті еңбек заңнамасы және еңбекті қорғау мәселелерінде кәсіподақтар мен жұмыс берушілерге жан-жақты әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Өткізілген кездесу Маңғыстау облысында өркениетті еңбек қатынастарын қалыптастыру және қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесі жолындағы кезекті қадам болды.