Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде
10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізді, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 6 362; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495; халықты жұмыспен қамту бойынша – 45.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Дата публикации
08 декабря 2025
Дата обновления
08 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы