Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың II тоқсанының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында:
Оның ішінде 192 305 кәсіпорын белсенді саналады, яғни нақты өндірістік немесе басқа да экономикалық қызметпен айналысуда.
Осыған сәйкес, 173 277 белсенді кәсіпорын (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша талаптарға бағынуға жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 104 036 заңды тұлға өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру (ОЖОС) шартына қол қойған.
Осылайша, міндетті сақтандырумен қамту деңгейі белсенді жеке кәсіпорындардың жалпы санының 60%-ын құрады.
Оң динамика ретінде ОЖОС шартына қол қойған кәсіпорындар санының өсуі байқалады.
Алайда, белсенді кәсіпорындардың 40%-ы міндетті сақтандыру жүйесіне қосылмаған, бұл өндірістік қауіп-қатері бар салаларда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін тәуекелдер тудырады.
Осыған байланысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге ОЖОС шартының болмауының құқықтық салдары туралы ақпараттық-түсіндіру, сақтандыру ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту және сақтандырудан жалтарып жүрген кәсіпорындардың тізілімін өзектендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.