2025 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еліміздегі ұйымдарда 584 адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (700 адам) төмен, жарақаттану деңгейінің 16,6%-ға азайғанын көрсетеді.
Негізгі көрсеткіштер:
Республикалық деңгейде жалдамалы қызметкерлердің жалпы саны 7,1 млн адамды құрады.
Жалпы жарақаттану жиілігі коэффициенті (Кж) 2024 жылғы 0,10-нан 2025 жылы 0,08-ге дейін төмендеді.
Өндірісте қаза тапқан адамдардың саны — 77 адам, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15%-ға аз (2024 ж. — 90 адам).
Өліммен аяқталған оқиғалар жиілігі коэффициенті (Кж өлім) Республика бойынша 0,01 деңгейінде қалып отыр.
Өндірістік жарақаттану деңгейінің төмендеуі жұмыс берушілер мен бақылаушы органдар тарапынан профилактикалық жұмыстардың жақсарғанын және еңбек қауіпсіздігі саласындағы талаптардың орындалуына деген жауапкершіліктің артқанын көрсетеді.