Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының өкілімен кездесу өткізіп, үшжақты семинарға қатысты

Халықаралық еңбек ұйымының өкілімен кездесу

2025 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) маманы Д.Дочинскиймен әкімшілік, инспекция, қауіпсіздік және еңбек гигиенасы мәселелері бойынша кездесуді өткізді.

Тараптар «Қазақстанның тау-кен өндіру секторындағы әлеуметтік диалог арқылы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын қамтамасыз етуге жәрдемдесу» жобасын іске асыру, Халықаралық Еңбек күнін бірлесіп мерекелеу (2025 жылғы 28 сәуір), мемлекеттік инспекторлар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша онлайн-оқыту, сондай-ақ саладағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою бойынша тренинг өткізу мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылға жоспарланған міндеттер шеңберінде белсенді ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

Астанадағы ХЕҰ үшжақты семинары

27 ақпанда Астанада Халықаралық еңбек ұйымы «Қауіпсіз және салауатты өндірістік орта негізгі қағидат және құқық ретінде – еңбекті қорғау жөніндегі басты халықаралық құралдар» тақырыбында үшжақты семинар ұйымдастырды. Іс-шараға әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Семинарда ХЕҰ-ның іргелі конвенциялары талқыланды:

* Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік орта туралы Конвенция (C155, 1981);

* Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына ықпал ететін негіздер туралы Конвенция (C187, 2006).

Семинардың негізгі мақсаты стратегияларды әзірлеуге, заңнаманы қалыптастыруға және еңбекті қорғау саласындағы құқық қолдануға жауапты мемлекеттік қызметшілердің хабардарлығын арттыру болды. Әлеуметтік диалогтың маңыздылығына және барлық тараптардың белсенді қатысуына ерекше назар аударылды.

Семинар нәтижелі өтті және әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік құрылымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріндегі өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті.

Дата публикации
07 марта 2025
Дата обновления
30 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы