
Қазақбаев Самат Қосайұлы 1977 жылы 26 маусымда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Ақалтын ауданында дүниеге келген.
1999 жылғы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2004 жылғы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университетінде тау-кен инженері мамандығы бойынша білім алып шыққан.
Сонымен қатар 15.10.2016 жылы «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл» медалімен, 04.07.2017 жылы «III дәрежелі Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталған.
2000 жыл - Жаңаөзен қаласының «Жөндеу» ЖШС-нің 2-ші ұңғымалаларды күрделі жөндеу цехының бұрғылаушысынан цехтің шеберіне дейін өскен.
2008 жыл - Ақтау қаласының «Oil Services Company» ЖШС-нің 2-ші ұңғымалаларды күрделі жөндеу цехының шеберінен цехтің бастығына дейін көтерілген.
2011 жыл - Жаңаөзен қаласының «Бұрғылау» ЖШС-нің ұңғымалаларды күрделі жөндеу цехы қызметінің бастығы, УПА-50 цехының шебері.
2013-2015 жылдар - Жаңаөзен қаласының «МунайФилдСервис» ЖШС-нің ұңғымалаларды күрделі жөндеу қызметінің бастығына дейін көтерілген.
2015-2018 жылдар - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушы. Ал 2018 жыдан бастап сол департаменттің басшысы болып тағайындалды.
2019-2025 жылдар - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі).
2025 жыл - қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары