НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ!

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткен салық кезеңдері үшін қарыздар 1 қазанға дейін өтелмеген жағдайда өсімпұлдардан  басқа 8 АЕК (шамамен 20000 теңге) мөлшерінде айыппұл есептелетіні туралы ақпарат таратылуда.

 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

ҚР қолданыстағы Салық кодексінде салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасына өсімпұл есептеу қарастырылған, бұл ретте, заңнамамен айыппұл санкциялары қарастырылмаған.

Жер және мүлік салығы бойынша алдағы төлемдер туралы, сондай-ақ салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты «Е-Salyk» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» сервисінен білуге болады. Мұнда есептелген сомаларды екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ төлем карталарының көмегімен толтырылған деректемелер бойынша төлеуге болады.

Бұдан басқа, салық әмияны қызметінде меншік құқығында тіркелген салық салу объектілерін қарау мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Көлік құралдары мен жылжымайтын мүлік объектілері бойынша қате мәліметтер болған жағдайда онлайн режимде түзетуге, оның ішінде, көлік құралының сипаттамаларын, иелену құқығын және т.б. өзгертуге өтініш беруге мүмкіндік беретін түзету сервисін пайдалануға болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қолданылады, қағидаларға сәйкес жеке тұлға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша борыштың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Бұл ретте салықтық рақымшылық 2019 жылғы мүлік салығы және жер салығы бойынша міндеттемелерге қолданылмайды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі