ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (СЭҚ) 131 шағым түскенін хабарлайды. Оның ішінде 107 шағым кедендік тексерулер жүргізу және тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік құжаттар мен мәліметтерді тексеру барысындағы мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне қатысты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұзушылықтар ерікті түрде жойылғанына, жекелеген тауар санаттары бойынша ҚҚС есепке алу әдісімен төлеу мәселелерінің реттелуіне мен тексерулер сапасының жақсаруына байланысты шағымдар саны 132-ге немесе 50%-ға азайды. Шағымдардың жиі кездесетін себептері: тексерулерді тағайындау- 30%, тауарлардың кедендік құнын айқындау- 26% және тауарларды сыныптау- 18%.
131 қарауға түскен шағымдардың 92–і (70%) қаралды, оның ішінде: 1) 82 шағым (86%) негізсіз деп танылды- Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан бұзушылықтар мен заңсыз әрекеттер анықталған жоқ;
2) 10 шағым (11%) СЭҚ қатысушыларының пайдасына шешім қабылданды.
Шағымдарды қанағаттандырудың негізгі себептері- тауарларды сыныптау кезінде жіберілген қателіктер, тексерулерді тағайындау және сотқа шағым беру кезінде жол берілген бұзушылықтар, тексеру мерзімдерінің өрескел бұзылуы және алдын ала тексеру актісінің табысталмауы болып отыр. Кедендік тексерулерді жүргізу барысында аудиторлар тарапынан жіберген қателіктердің салдарынан 7 тексеру күші жойылды.
Сонымен қатар, 30 шағым (36%) бір СЭҚ қатысушыларымен бірнеше рет берілген қайталама шағымдар болып табылады. Анықталған бұзушылықтар бойынша Комитет тиісті шаралар қабылдауда: түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинарлары өткізіледі, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жетілдіру және заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Ашықтық пен айқындылықты арттыру мақсатында, шағымдарды қараудың маңызды жағдайлары Қаржы министрлігінің сайтында, «Учет KZ» интернет-ресурстарында және «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесінде жарияланады.