
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жас қызметкерлері салық қызметінің ардагері Лидия Николаевна Бреннермен кездесті.
Лидия Николаевна 20 жылдан астам уақытын салық жүйесінде қызмет етіп, ерекше кәсібилік, адалдық және жоғары жауапкершілік көрсете білді. Л.Н. Бреннер еңбек жолын бас салық инспекторынан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті орталық аппаратының бөлім бастығы қызметіне дейін атқарды.
Лидия Николаевна көп жылғы мінсіз еңбегінің арқасында әріптестері мен басшылықтың құрметіне бөленіп, жас мамандарға үлгі болды.
Мереке қарсаңында жылы атмосферада өткен кездесу барысында ардагерге еліміздің салық жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіріп, шоқ гүлдері мен сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай кездесулер Комитеттің тұрақты дәстүріне айналуда, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығына және аға әріптестердің кәсіби тәжірибесіне деген құрметін сақтауға бағытталған.