
2025 жылғы 10 - 11 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Заңды тұлғалардың банкроттығы және оларды оңалту» тақырыбына Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – банкроттық және оңалту рәсімдерінің алдын-алу жұмыстарын бақылау.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
Душкенова Назгуль - ҚР ҚМ МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары;
Исабекова Айгерим - ҚР ҚМ МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;
Назаров Серік - ҚР ҚМ МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының сарапшысы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді, 91 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы электронды сертификаттарын алды.