
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 03-07 наурыз аралығында БКС - Polycom және ZOOM арқылы С-О-3, С-О-4 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілердің мақсатты аудиториясы үшін кедендік әкімшілендіру бойынша арнайы курс өткізді.
Мақсатты аудитория: МКД кеден бағыты бойынша басқармаларының, бөлімдерінің басшылары.
5 жұмыс күні ішінде БКС-Polycom және ZOOM арқылы МКК (басқарма басшылары, басшысының орынбасарлары) және Бас диспетчерлік басқарма қызметкерлері кеден бағытында оқытуды жүргізді.
Тыңдаушылардың саны 129 адамды құрады. Білімнің қорытынды бөлімінде барлық тыңдаушылар шекті деңгейге ие болды.
Атқаратын лауазымына сәйкестігін бағалай отырып, кедендік бағыт бойынша арнайы курс сәтті өтті.
Кедендік бағыт бойынша арнайы курсты өткізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.