Заңды тұлғалардың салықтық аудитін жүргізу тәртібі, мерзімдері және қағидалары

Заңды тұлғалардың салықтық аудитін жүргізу тәртібі, мерзімдері және қағидалары

        2025 жылғы 18 – 19 ақпан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасымен бірлесіп «Заңды тұлғалардың салықтық аудитін жүргізу тәртібі, мерзімдері және қағидалары» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

       Іс-шараның мақсаты –  Сот шешімдерінің қорытындыларын және Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынымдарын ескере отырып, аумақтық депертаменттердің салықтық аудит бөлімшелері жүргізетін салықтық тексерулердің тиімділігін арттыру.

      Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:

     Нарманова Бинура Гаухарбековна – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасы басшының орынбасары сөз сөйледі.

      Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді,  225 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.