
2025 жылғы 29 қаңтарда Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы Шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы (БОМКА) қолдауымен «Кедендік бағалау – мәміле құны, түзетулер және баламалы бағалау әдістері» тақырыбында халықаралық онлайн семинар өтті. Іс-шара қатысушылардың заманауи халықаралық сауда жағдайында кедендік бағалау әдістерін тиімді қолдану үшін қажет білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталды.
Кедендік бағалау халықаралық сауданың маңызды элементі болып табылады. Ол кедендік төлемдердің, қосылған құн салығының (ҚҚС), акциздер мен басқа да ұлттық салықтардың дұрыс есептелуін қамтамасыз етеді. Онлайн семинар бағдарламасы кедендік құн, түзетулер және баламалы бағалау әдістеріне қатысты негізгі ұғымдар мен мәселелерді қамтыды. Бұл тақырыптар заңнама талаптарының орындалуын тиімді бақылау және сауда ағындарының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Семинарда Латвия Мемлекеттік кірістер қызметінің Ұлттық кеден басқармасының тарифтер департаментіне қарасты Кедендік құн және төлемдер бөлімінің басшысы Марта Каннеле ханым дәріс оқыды.
Іс-шараға Орталық Азия елдерінің кеден органдарының қызметкерлері мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара кедендік құн, түзетулер және балама бағалау әдістерімен байланысты негізгі мәселелерді қамтып, қатысушылардың заманауи кедендік бақылау әдістерін тиімді қолдану бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.