
Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.
Өлшемшарты 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес).
2025 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер –дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша 2024 жылдың қорытындысымен мәлімет ұсынады.
Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.
Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр.
Сондай-ақ, өлшемшартты «1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 12 еселенген ең төменгі жалақыдан асатын ақша қаражатын алуы» деп өзгерту ұсынылды (01.01.2025 жылғы жағдай бойынша 1 020 000 теңге).