ЭШФ АЖ өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ЭШФ АЖ өзгерістер мен толықтырулар енгізу

       Құрметті салық төлеушілер!

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №619 бұйрықпен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде «Нетто салмағы» бағанының міндетті толтыру бөлігінде ТІЖ қағидаларына толықтырулар енгізілгенін еске салады.

      Сондай-ақ, ТІЖ бланкісінің К бөлімі «Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк туралы деректер» оңтайландырылды (бөлім 31 бағанға қысқартылды).

      2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап бұл өзгерістер ЭШФ АЖ тест серверінде қолжетімді (https://test3.esf.kgd.gov.kz).

      Өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін өз есеп жүйелеріндегі осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

      Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1 МКК сайтында жүктеп алуға болады.

     Сонымен қатар, 2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін ЭШФ АЖ-де жүйені жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық жүйе қол жетімді болмайды.

     Жаңарту ТІЖ бланкісіне тиісті өзгерістер енгізу мақсатында жүргізілетін болады.

     Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша танысуға болады. ТІЖ бланкісіндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша.