
2024 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан банкроттық саласындағы реттеушілердің халықаралық қауымдастығының құрамына ресми түрде кірді. Бұл - дәрменсіздік (банкроттық) саласындағы әлемдік практикамен алмасу жөніндегі жалғыз мамандандырылған алаң болып табылады.
БРХҚ мүшелері 33-тен астам елдер, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Канада, БАӘ, ҚХР, Финляндия, Польша, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. дамыған елдер.
Қазақстанда заңды және жеке тұлғалардың дәрменсіздігін реттеу мәселесі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыретіне жатады.
Анықтама: елде төлем қабілетсіздігі екі заңмен реттеледі:
Бүгінде Қазақстан жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеуде және заңды тұлғалардың банкроттығына жаңашылдықтар енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл Қауымдастық дәрменсіздікті реттеу саласындағы үздік тәжірибелер мен стандарттарды ілгерілетуді жинақтайтынын ескере отырып, мүшелік бізге озық халықаралық тәжірибені зерделеуге, сондай-ақ банкроттық мәселелері бойынша әр түрлі халықаралық юрисдикциялармен ынтымақтастық орнатуға көмектеседі.