Мемлекеттік саясатты дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау

Мемлекеттік саясатты дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға, халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын іске асыруға, Қазақстанның мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуге қосқан үлесі үшін, сондай-ақ қоғамдағы ашықтық, заңдылық және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған мониторингтік кездесулерге белсенді қатысқаны үшін,  Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Кусаинова "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 10 жыл" медалімен.

      Сонымен қатар, 2024 жылғы 16 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және еліміздің барлық өңірлерінен түрлі салалардың өкілдері қатысқан "Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері" патриоттық байқауының қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен және "Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері" медалімен    Мемлекеттік кірістер комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаева марапатталды.

      Бұл марапаттар мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын дамытуға елеулі үлес қосқан әріптестеріміздің кәсібилігін, жауапкершілігі мен адалдығын мойындау болып табылады. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың маңызды және жауапты қызметінде одан әрі табыстар тілейміз.