ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу ерекшелігі

ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу ерекшелігі

        2024 жылғы 18 – 19 желтоқсан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаментінің Кедендік әдіснама   басқармасымен, Кедендік әкімшілендіру департаментінің Тарифтік реттеу және құн басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу ерекшелігі» тақырыбында қашықтықтан семинар  өткізді.

       Іс-шараның мақсаты – ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзіретін арттыру.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

       Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

      Дәріскерлер ретінде:

     – ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы – Әйгерім Асылбекқызы Аққұлова;

      ҚР ҚМ МКК Кедендік әкімшілендіру департаменті Тарифтік  реттеу және құн басқармасының бас сарапшысы – Салтанат Токтарбековна Азаматова қатысты.

      Қатысушылар  ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.

       Семинардың қорытындысы бойынша  91 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.