
2024 жылғы 8 желтоқсан 2024 жылғы 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) Абай облысы бойынша «Бақты» кеден бекетінде Мемлекеттік органдарының аумақтық қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында арнайы курс өткізілді.
Мақсаты: Кешенді жүйе-техника мен экипаж болып табылатын шекарадағы өткізу пунктеріндегі бақылау сапасын арттыру, РТҚ операторларының ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүреге асыру.
Бағдарламаның негізгі тақырыптары:
- қаруды анықтау дағдыларын жетілдіру;
- жарылғыш заттар мен детонациялық құрылғыларды анықтау;
- есірткі және басқа да заңсыз тасымалданатын тауарлардың контрабандасын болдырмау;
-рентген-теледидар қондырғыларының сипаттамасы және қолданылуы.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- жасырын алып жүретін қарудың, жарылғыш заттардың, оқ-дәрілердің белгілерін анықтау және тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды заңсыз тасымалдау әрекеттерінің жолын кесу жолын меңгерді.
Оқыту іс-шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО қызметкерлері:
ОӘО бас маманы – А.П.Касымбеков;
ОӘО бас маманы – К.В.Дуйсенбаева.
Іс-шара қорытындысы бойынша 18 қатысушалар қорытынды тесті тапсырып, тестілеуден сәтті өтіп, тиісті сертификаттарын алды.