Кеден кадрларын оқыту және даярлау саласындағы ынтымақтастық

Кеден кадрларын оқыту және даярлау саласындағы ынтымақтастық

        2024 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасында өзара іс-қимыл шеңберінде ұйымдастырылған онлайн-семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты кеден органдары үшін кадрларды даярлау және оқыту саласында кәсіби дағдыларды дамыту және тәжірибе алмасу болды.

       Семинар барысында қатысушылар негізгі тақырыптарды талқылады:

       "Оқыту әдістемесінің негіздері" - оқу бағдарламаларын әзірлеудің заманауи тәсілдері және білімді берудің тиімді әдістері талқыланды.

       "Ұйымдастырушылық менеджмент және көшбасшылық" - ұжымдарды басқару, көшбасшылық құзыреттерді қалыптастыру және кәсіби ортада стратегиялық жоспарлау мәселелері қаралды.

       "Гендерлік теңдік" - теңдік принциптерін білім беру және кәсіби процестерге біріктірудің маңыздылығына баса назар аударылды.

       Іс-шараға қатысқан дәріскерлер:

       – Жанна Муратовна Ислямова - ҚР ҚМ МКК ОӘО біліктілікті арттыру және кәсіптік даярлау бөлімінің басшысы

       – Файзуллаева Хуршида - ӨР ЭҚМ КК КИ біліктілікті арттыру факультетінің аға оқытушысы.

      – Ахмедова Нилуфар - ӨР ЭҚМ КК КИ шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы.

       Іс-шараға екі елдің білім беру құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ кеден саласындағы сарапшылар қатысты. Семинар форматы диалог үшін интерактивті алаң құруға мүмкіндік берді, онда қатысушылар озық тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

      Семинар қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды тереңдетуге және кадр қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға дайын екендіктерін растады.

       ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты білім алмасуға және кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отыр.