Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу

Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу

       2024 жылғы 05 желтоқсан мен 07 желтоқсан аралығында Абай облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін "Бақты" кеден бекетінде «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

      Дәріскерлер ретінде:

      - Қасымқұлова Лаззат Тұрдакыновна - ОӘО басшының орынбасары (онлайн);

      - Касымбеков Ануар Панарович – ОӘО бас маманы;

      - Дуйсенбаева Каламкас Валихановна  - ОӘО бас маманы.

       Оқыту мақсаты: кедендік ресімдеу процесінің дұрыстығын арттыру және жеделдету, тексеру сапасын арттыру, жүктердің рұқсат етілмеген кідірістерін азайту, бөгде салымдарды анықтау, кедендік бақылаудың тиімділігі мен сапасын арттыру, контрабандалық тауарлар мен заттарды анықтау және сәйкестендіру саласында МКК қызметкерлерінің дағдыларын жетілдіру және нығайту.

       Оқу курсының қатысушылары:

       - жүктерді интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік  

технологияларды қолдану;

      - сканерлердің техникалық сипаттамасымен;

      - жасыру әдістерімен;

      - тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш

құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарын,

контрабандалық тауарларды және т.б.) іздестіруді және анықтауды

қамтамасыз етумен;

     - перспективалық орналасу және рентгендік бейнені терең талдаумен

танысты.

       Тестілеу қорытындысы бойынша курстың 27 қатысушысының 25-сі тестілеуді сәтті тапсырып, сертификаттар алды, 2 қатысушы шекті деңгейден өте алмады.