ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

              Құрметті салық төлеушілер!

        ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық себептер бойынша жүйені жаңартуға байланысты «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі 2024 жылғы 9 желтоқсанда сағат 12:00-ге дейін қолжетімсіз болатынын назарға жеткізеді.

       Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

       Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:

       - 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

       - 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

       Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.