
2024 жылғы 2-4 желтоқсан аралығында Абай облысы бойынша МКД-не қарасты «Бақты» кеден бекетінде Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық қызметкерлері үшін «Профильдеуді сәйкестендіру және тексеру әдістері» атты оқыту іс шарасы өткізілді. Іс-шара көлік құралдары мен жүктерді тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттік шекара арқылы бақылау-өткізу пункттерінде бақылау іс-шараларын ұйымдастыруға жауапты қызметкерлерге бағытталған.
Мақсаты: мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің контрабандалық тауарлар мен заттарды анықтау және сәйкестендіру саласында дағдыларын жетілдіру және нығайту.
Бағдарламаның негізгі тақырыптары:
- бақылау-өткізу бекеттерінде сенімді бақылауды қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтарды пайдалану;
- көлік құралдары мен жолаушыларды тексеруге іріктеу қағидаттары мен әдістері;
- ауыр жүктерді тексеру ерекшеліктері және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін профилильдеуді қолдану.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- мемлекеттік шекара бекеттері арқылы тасымалданатын контрабандалық тауарларды заманауи техникалық құралдар көмегімен анықтау және сәйкестендіру әдістерімен танысты;
- көлік құралдары мен жүктерді тексеру тиімділігін арттыруға арналған жаңа технологияларды зерттеді;
- тексеру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырын тасымалдау әдістерін анықтау дағдыларын меңгерді.
Оқыту іс-шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО қызметкерлері:
- ОӘО басшысының орынбасары – Л.Т. Касымкулова (онлайн);
- ОӘО бас маманы - А.П.Касымбеков;
- ОӘО бас маманы- К.В.Дуйсенбаева болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 28 қатысушы оқудан өтіп, барлық қатысушы тиісті сертификаттарын алды.