Кедендік құн: проблемалар, тәсілдер және практикалық ұсыныстар

Кедендік құн: проблемалар, тәсілдер және практикалық ұсыныстар

       2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде «Кедендік құн» өзекті тақырыбы бойынша онлайн семинар сәтті өткізілді.

      Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен оқытушылары және Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.

     Іс-шараның мақсаты кедендік құнның теориялық және практикалық аспектілерін, оның сыртқы саудаға әсерін терең зерттеу, сондай-ақ елдердің шекарасынан өтетін тауарларды бағалаудың заманауи тәсілдерін талдау болды.

     Семинарға қатысқан дәріскерлер:

     – Болат Султанович Ибрагимов – ҚР ҚМ МКК Кедендік әдістеме басқармасының басшысы;

    – Анвар Аблакулович Шадмонкулов – Кеден институтының «Кедендік алымдар» кафедрасының басшысы.

      Семинарға қатысушылар кедендік құнды анықтау, оны есептеу әдістері, құқықтық нормалар мен заманауи халықаралық стандарттар аясында жүзеге асырудың практикалық аспектілері сияқты негізгі мәселелерді талқылады.

     Семинар барысында келесі тақырыптарға ерекше назар аударылды:

    - кедендік құнды анықтау принциптері мен әдістері;

    - импорт және экспорт процестеріне кедендік құнның анықталуының әсері;

    - кедендік құнның кедендік төлемдер мен салықтарды есептеудегі рөлі;

    - құнды бағалау процесінде өзара әрекеттесу кезінде кеден органдары мен бизнес кездесетін мәселелер мен қиындықтар.

      Іс-шара тікелей диалог форматында өтті, онда қатысушылар мамандарға сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы ұсыныстар алды. Сондай-ақ онлайн-семинар Өзбекстан мен Қазақстандағы оқу орындары арасындағы білім алмасудың маңызды алаңына айналды, бұл кәсіби байланыстарды нығайтуға және кеден ісі саласындағы оқыту бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі.

     Ұйымдастырушылар семинардың барлық қатысушыларына белсенді қатысқандары және жоғары деңгейдегі талқылаулары үшін алғыстарын білдірді. Келешекте кеден ісі саласындағы білім мен тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда.