«Тәжен» өткізу пунктінде жүк автокөліктерінің жиналуы туралы

«Тәжен» өткізу пунктінде жүк автокөліктерінің  жиналуы туралы

       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды, қазіргі уақытта Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы «Тажен» өткізу пунктінде 400-ден астам жүк көлігі жиналып, Қазақстан Республикасынан шығуға кезекте тұр.

      Көлік ағынының артуына Өзбекстан Республикасында «Даут-Ата – Қонырат» (400 км) автожолының ашылуы себеп болды, осыған байланысты жүк автокөлік құралдарының ағыны байқалады.

     Өткізу пунктінің жобалық өткізу қабілеті тәулігіне бір бағытта 150 жүк көлігін құраса да, қазіргі жөндеу жұмыстары кезінде «Тажен» өткізу пункті тәулігіне 200-250 жүк көлігін шығаруын қамтамасыз етеді.

    Осыған байланысты тасымалдаушыларға маршруттарды мүмкін болатын кідірістерді ескере отырып жоспарлауды, немесе тауарларды тасымалдаудың баламалы жолдарын таңдауды ұсынамыз, осылайша қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарада ұзақ күту уақытынан аулақ болуға кеңес береміз.