
Ұлттық валюта-теңге күнін мерекелеу қарсаңында лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, жемісті еңбек қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін МКК- нің келесі қызметкерлері марапатталды.
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен:
- Алмазов Жанболат Мирамұлы - ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқарма басшысының орынбасары;
- Сабралина Айгүл Ермекқызы Салықтық әкімшілендіру департаменті ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары;
- Қаппасова Гүлсара Әбдірашқызы Заң басқармасының бас сарапшысы;
- Ғалымбекова Әсел Тұрғынбаева Стратегиялық даму басқармасының бас сарапшысы
- Жүнісбекова Жазира Эпизотовна Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаменті Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшысы.
Сондай-ақ, МКК- нің төрағасы Жандос Дүйсембаев ҚР Қаржы министрлігінің 10 Құрмет грамотасын табыс етті.
Сонымен қатар, МКК-нің 10 қызметкеріне ҚР Қаржы министрлігінің алғысы жарияланды.
Төсбелгілермен бірге «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» ТМД – ға қатысушы кеден қызметтері басшылары кеңесінің төсбелгілері табысталды:
- Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы МКК- нің төрағасы;
- Секенов Жандос Еркебұланұлы Кедендік бақылау департаменті кедендік операциялар басқармасы басшысының орынбасары;
- Алмазов Жанболат Миронович ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқарма басшысының орынбасары;
- Жанғалиева Сәндігүл Сәндіқалиқызы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы;
- Құрбат Александр Леонидович Кедендік бақылау департаменті транзит басқармасының бас сарапшысы.
Сондай-ақ ТМД – ға қатысушы кеден қызметтері басшылары кеңесінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрметті кеденшісі» төсбелгілері
- Жұмағұлов Қайрат Кәрімұлы, МКК- нің төрағасының орынбасары;
- Таниев Ержан Бақытұлы Кедендік әкімшілендіру департаменті валюталық бақылау басқармасының басшысы;
- Әбдікерова Светлана Жанұзаққызы Кедендік әкімшілендіру департаменті тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқармасының басшысы.