Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету

Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету

       2024 жылғы 7 қараша 2024 жылғы 9 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) Жетісу облысы бойынша «Алтынкөл-жол» және Қорғас-ШЫХО» кеден бекеттерінде Мемлекеттік органдарының аумақтық қызметкерлері мен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында арнайы курс өткізілді.

      Мақсаты: Кешенді жүйе-техника мен экипаж болып табылатын шекарадағы өткізу пунктеріндегі бақылау сапасын арттыру, РТҚ операторларының ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүреге асыру.

      Бағдарламаның негізгі тақырыптары:

     - қаруды анықтау дағдыларын жетілдіру;

     - жарылғыш заттар мен детонациялық құрылғыларды анықтау;

     - есірткі және басқа да заңсыз тасымалданатын тауарлардың контрабандасын болдырмау;

     -рентген-теледидар қондырғыларының сипаттамасы және қолданылуы.

      Іс-шара барысында қатысушылар:

  • профайлинг заманауи әдістерімен танысты;
  • террористік акт жасауға көздеген жолаушыларды вербальды емес белгілер бойынша анықтауды зерттеді;
  • жасырын алып жүретін қарудың, жарылғыш заттардың, оқ-дәрілердің белгілерін анықтау және тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды заңсыз тасымалдау әрекеттерінің жолын кесу жолын меңгерді.

     Оқыту іс-шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО қызметкерлері:

     ОӘО басшының орынбасары – Л.Т.Касымкулова;

     ОӘО бас маманы – А.П.Касымбеков;

     ОӘО бас маманы – К.В.Дуйсенбаева.

      Іс-шара қорытындысы бойынша 31 қатысушалар оқудан өтті, оның ішінде 30 қорытынды тестілеуден сәтті өтіп, тиісті сертификаттарын алды. Бір қатысушы шекті деңгейден өте алмады.