Кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу

Кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу

         2024 жылғы 29 – 31 қазан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасымен бірлесіп «Кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

       Іс-шараның мақсаты –  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кедендік бекеттерінің қызметкерлеріне кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу бойынша білімін арттыру.

      Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:

     Суйналин Қанат Нұралыұлы – ҚР ҚМ МКК ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасы Техникалық және технологиялық сараптама бөлімінің бас маманы.

     Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді,  122 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.