Жергілікті бюджеттерге салық түсімдері (бұдан әрі - ЖБ) бойынша жоспар 112,5%-ға орындалды. Жоспар бойынша 4 842,2 млрд. теңге, іс жүзінде 604,4 млрд. теңгеге асыра орындаумен 5 446,6 млрд. теңге түсті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 1 036,2 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Өсу қарқыны 123,5% құрады (2023 жылдың 9 айында 4 410,4 млрд. теңге түсті).
Салық бөлінісінде ағымдағы жылдың 9 айында ЖБ асыра орындаудың негізгі сомалары КТС-қа 160,8 млрд. теңгеге немесе 17,0%-ға, төлем көзінен салық салынатын кірістерден ЖТС-ға 109,7 млрд. теңгеге немесе 8,2%-ға, төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден ЖТС-ға 114,8 млрд. теңгеге немесе 8,2%-ға, әлеуметтік салық 105,9 млрд. теңгеге немесе 9,9%-ға және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпорындардың мүлкіне салынатын салық 18,4 млрд. теңгеге немесе 5,0%-ға.
Түсімдер өсімінің ең көп сомасы КТС-қа 317,9 млрд. теңгеге немесе 40,2%-ға, әлеуметтік салыққа 209,9 млрд. теңгеге немесе 21,6%-ға, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС-ға 206,3 млрд. теңгеге немесе 16,7%-ға, ЗТ және ЖК мүлкіне салынатын салыққа 124,2 млрд. теңгеге немесе 47,5%-ға, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ЖТС 139,3 млрд. теңгеге немесе 55,6%-ға келеді.