Тексеру және профильдеу идентификация әдістері

Тексеру және профильдеу идентификация әдістері

     2024 жылғы 28-30 қазан аралығында Шымкент қаласы бойынша МКД-не қарасты «Шымкент-Ауежай» кеден бекетінде ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық қызметкерлері үшін  «Тексеру әдістері және профильдеуді сәйкестендіру»  атты оқыту іс шарасы өткізілді. Іс-шара көлік құралдары мен жүктерді тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттік шекара арқылы бақылау-өткізу пункттерінде бақылау іс-шараларын ұйымдастыруға жауапты қызметкерлерге бағытталған.

     Мақсаты: мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының контрабандалық тауарлар мен заттарды анықтау және сәйкестендіру саласында дағдыларын жетілдіру және нығайту.

    Бағдарламаның негізгі тақырыптары:

     - бақылау-өткізу бекеттерінде сенімді бақылауды қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтарды пайдалану;

     - көлік құралдары мен жолаушыларды тексеруге іріктеу қағидаттары мен әдістері;

    - авиациялық тексеру ерекшеліктері және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін профилильдеуді қолдану.

     Іс-шара барысында қатысушылар:

     - мемлекеттік шекара бекеттері арқылы тасымалданатын контрабандалық тауарларды заманауи техникалық құралдар көмегімен анықтау және сәйкестендіру әдістерімен танысты;

    - көлік құралдары мен жүктерді тексеру тиімділігін арттыруға арналған жаңа технологияларды зерттеді;

    - тексеру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырын тасымалдау әдістерін анықтау дағдыларын меңгерді.

     Оқыту іс-шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО қызметкерлері:

    -  ОӘО басшысының орынбасары – Л.Т. Касымкулова;

    - ОӘО бас маманы - Касымбеков А.П. болды.

     Іс-шара қорытындысы бойынша 23 қатысушы оқудан өтіп, 22 қатысушы тиісті сертификаттар алды. Бір қатысушы тестілеудің шекті деңгейінен өте алмады.