
2024 жылғы 28 қазанда Мәскеуде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов бастаған қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Федералдық салық қызметінің өкілдерімен жұмыс сапары өтті.
Кездесу барысында борышкер-банкроттың қаржылық жағдайын егжей-тегжейлі талдауға бағытталған заманауи технологиялық шешімдер бойынша нәтижелі пікір алмасу өтті. Тараптар бизнес-процестерді автоматтандыру, заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық рәсімдері, соның ішінде әдейі банкроттық белгілерін анықтау тәртібі мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 7 қазанда Мемлекеттік кірістер комитеті СӘИЖ ақпараттық жүйесінде «Оңалту және банкроттық» Модулінің салық төлеуші кабинетінің функционалын іске қосты. Бұл модуль банкроттыққа байланысты барлық бизнес-процестерді автоматтандыруға, атап айтқанда әкімшілермен ағымдағы есептерді беруді, хабарландырулар мен кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға бағытталған.