
Астана қ. 24 қазан, Республика күніне орай ҚР Қаржы министрі Мәди Тақиев Мемлекеттік кірістер органдарының 19 қызметкерін атап өтіп, мемлекеттік наградаларды табыс етті:
"Парасат" орденімен Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Қанат Ескендірұлы Баеділов наградталды
"Құрмет" орденімен наградталғандар:
- Мусин Мұратбек Сайлаубекұлы, ҚР ҚМ МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры
- Муслимов Нариман Ерторғынұлы, ҚР ҚМ МКК департаменті басшысының орынбасары
- Мақажанова Ботагөз Жұмаділдәқызы, ҚР ҚМ МКК Ұлытау облысы бойынша МКД-ті Қаражал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы
- Нұрахаев Мақсат Екматқүлұлы, ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша МКД-ті басшысы
- Сұлтанова Мейіз Тлешқызы, ҚР ҚМ МКК Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД-ті Камералдық мониторинг басқармасы №2 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталғандар:
- Маубаев Қайрат Үргенішбайұлы, ҚР ҚМ МКК Техникалық инфрақұрылымды дамыту және қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры
- Қожабергенов Ермек Қалиұлы, ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы
- Финк Инна Витальевна, ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы
- Ұзақбаев Әнуар Серікханұлы, ҚР ҚМ МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Тәуекел-менеджмент басқармасының басшысы
- Оразов Ғабит Жаңабергенұлы, ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаменті Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының басшысы
- Бисенәлиев Дархан Саип-жамалұлы, ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру департаменті Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары
- Сибагатов Нұрлыбай Майланұлы, «ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
- Қосмұхамбетов Қасымхан Қамзаұлы, ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша МКД-ті Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
- Қожабергенов Фердоуси Әбілхасымұлы, ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша МКД-ті Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
- Әнетова Қабира Тасмағамбетқызы, ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша МКД-ті Ірі салық төлеушілер және халықаралық салық салу басқармасының басшысы
- Байсын Талғат Әмілбекұлы ҚР ҚМ МКК Маңғыстау облысы бойынша МКД-ті басшысының орынбасары
- Мұқашева Сәуле Мұратқызы, ҚР ҚМ МКК Павлодар облысы бойынша МКД-ті Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
- Иманқұлов Оразбек Сейдуәліұлы ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД-ті «Әуежай-Астана» кеден бекетінің бас маманы