
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев 2024 жылғы 21 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Руслан Давыдовпен екіжақты кездесуге қатысты. Кездесуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне цифрлық шешімдерін енгізу мәселесі талқыланды.
Кездесу барысында ҚР ҚМ МКК кедендік процестерді цифрландыру және оңтайландыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы негізгі жобалардың бірі - «Keden» жаңа кедендік ақпараттық жүйесінің әзірленуі.
Сондай-ақ, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың кедендік транзит рәсімдерін жүзеге асыруы бойынша кедендік әкімшілендіру процесін оңайлату және жеделдету бойынша атқарылған жұмыстарға аса назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта кедендік реттеуді дамытудың және Еуразиялық экономикалық комиссия мен ҚР ҚМ МКК өзара іс-қимылының тұжырымдамалық тәсілдері бойынша келісімге келді.