
2024 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің, Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің және Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің қатысуымен онлайн-кездесу өтті.
Талқылау барысында шекарадан өту кезіндегі тасымалдаушылардың қызметіне, рәсімдерді цифрландыруға, электрондық кезек жүйесін енгізу мен оңтайландыруға, сондай-ақ кедендік бақылауға қатысты аспектілерге айтарлықтай назар аударылды.
Өзара әрекеттесудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап рұқсат бланкілерін уақытылы айырбастау қажеттігін атап өтті, бұл тасымалдау процесінің бұзылуын және шекарадағы кідірістерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, елдер арасында деректермен алмасу үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту, сондай-ақ жүк тасымалы үшін кедергілерді жою жөніндегі ықтимал шаралар мәселелері қосымша талқыланды.
Жедел өзара іс-қимыл жасау үшін тараптар жылдам және тиімді коммуникацияны қамтамасыз ететін онлайн-байланыс құру туралы сөз байласты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді және туындайтын мәселелерді шешу үшін тұрақты өзара іс-қимыл туралы келісті.