Электр жүйесінің ақаулары өткізу пунктінің жұмысына әсер етті

Электр жүйесінің ақаулары өткізу пунктінің жұмысына әсер етті

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 15 қазанында Түркістан облысындағы электр қосалқы стансаларында төтенше жағдай орын алған туралы хабарлайды. Осы ақаудың салдарынан Мақтаарал және Келес аудандарында электр қуатын беру тоқтатылды, бұл «Атамекен» және «Б.Қонысбаев» кеден бекеттерінің жұмысына әсер тигізді.

Электр энергиясы сөнгеннен сәттен кеден бекеттеріндегі байланыс нашар болып, бұл кедендік ресімдеуге және біріктірілген бақылау жүйесінің, оның ішінде электронды кезектің жұмысына кедергі келтірді. Бұл көліктердің екі бағытта да қозғалысының тоқтап қалуына және бақылау-өткізу бекеттерінің алдында көліктердің жинақталуына себеп болды.

Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды жедел шешу үшін біршама шаралар қабылдады. Басқа ауысымдардағы қызметкерлерді тарту арқылы бақылау-өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. «Б. Қонысбаев» Кеден бекетінің  екі бағыттағы өткізу қабілеттілігі 1000 бірлік екендігін ескере отырып, мәселе тез арада шешіледі деп күтеміз.


  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

  Баспасөз қызметі