
2024 жылғы 14 – 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), "Smitt & Orlov intellectual Property" ЖШС бірлесіп Алматы қаласында Алматы қаласы бойынша МКД базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша Кедендік тексеру басқармасы қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады.
Күндізгі оқу семинарына Алматы қаласы бойынша МКД Кедендік тексеру басқармасы қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде;
- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы - Айгелов Асылхан Тулеубаевич;
- "Smitt & Orlov intellectual Property" ЖШС орындаушы директоры Ангелина Владимировна Тарасова қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 20 қатысушы біліктілігін сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификат алды.